Фото

Алқаптан зауытқа дейін: Жамбыл облысындағы қант өндірісінің жай-күйі – фото

Әлемде қант расында да "ақ алтынға" айналып барады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына кіретін қанттың бағасы күн санап қымбаттауда
Sputnik
Бұған бірінші кезекте әлем елдерінің қант экспортына тыйым салуы әсер етті. Ресей шекарасы жабуы біздің елдегі өнім бағасының шарықтауына тікелей әсер етті.
Жауапты ведомство мен кәсіпорын өкілдері елде қант тапшылығы жоқ екенін айтып жатыр. Олар қанттың бір келісі 400 теңге шамасында сатылып жатқанын айтқанмен, бағаны тұрақтандыру қиынға соғуда. Кей өңірде тұрғындар бір келі ақ қантты 800-900 теңгеден сатып алғанын айтып жатыр.
Егіс даласында жайқалған жалпақ жасыл жапырағы бар қылшалар мен зауыттан ақ ұлпа қардай болып шығып жатқан қант туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіз.
1 / 10
Жамбыл облысы Меркі ауданындағы "Меркі қанты" қант зауыты ішінара модернизациялаудан кейін өндіріске қайта кірісті
2 / 10
Зауыт 1934 жылы салынған. Бұған дейін бірнеше рет жаңғырту жүргізілген
3 / 10
Дегенмен зауыттағы техника мен жабдықтың басым бөлігі ескі екені бірден көзге түседі
4 / 10

Мамандар сапалы қант дайындау үшін жабдықтарға жіті бақылау жүргізіп жатыр

5 / 10

Қардай аппақ әрі бастапқыда жылы қант осы науа арқылы шығады

6 / 10
Зауыт өкілдері қант жиналып тұрмайтынын, дайын болған өнім бірден тиісті бағыттарға жөнелтіліп жатқанын айтты
7 / 10

Бұл жерде қаптарға салынған қанттың аузы тігіліп, сақтау және тиеу орнына қарай жіберіледі

8 / 10

Меркідегі қант зауытының директоры Нұржан Қарғабаев кәсіпорындағы ескі жабдықты модернизациялау, құрақ қант сатып алу және айналымға ақша салу үшін 10 миллиард теңге көлемінде инвестиция қажет екенін айтты

9 / 10

Меркі ауданындағы Тұрар Рысқұлов ауылдық округіндегі "Трансфер" шаруа қожалығының иесі Александр Бондаренко егіс алқабын аралап жүр. Диқан 40 гектар аумаққа әлдеқайда қымбат, бірақ өнімі жоғары қант қызылшасын еккен

10 / 10

"КВС Каледония" тұқымы және оны себу технологиясы адам күшін қолданбауға мүмкіндік береді. Себебі қант қызылшасы бірде-бір арамшөпсіз өсіп шығады