Оқиға

Алматы облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты

Жол апаты Қарасай ауданында 1-маусымда таңғы сағат алтыда болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Шамалған-Боралдай автожолында ВАЗ-2107 көлігі жүк пойызымен соқтығысты.
Облыстық полиция мәліметінше, жол апаты Қарасай ауданында 1-маусымда таңғы сағат алтыда болған.
Жеңіл көліктің 32 жастағы жүргізушісі жол ережесін бұзып, пойыз жақындап келе жатқан теміржолға шығып кеткен.
Аталған факт бойынша материалдар әкімшілік сотқа жолданады.