Жеңілдетілген автокредит: 974 көлік сатылды

21 мыңнан астам қазақстандық 4 процентпен жеңілдетілген автокредит алуға өтініш берді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша 974 автокөлік сатылды.
Өнеркәсіпті дамыту қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мамырдан бастап екінші деңгейлі банктерге 21 897 өтініш түскен.
"Оның ішінде 65,1 миллиард теңге болатын 8 795 өтініш расталды. Бүгінгі таңда 974 автокөлік берілді", - делінген қордың хабарламасында.
Автокөліктерді ірі қалалар мен өңірлердің тұрғындары сатып алып жатыр:
Нұр-Сұлтан қаласы – 111,
Алматы қаласы – 201,
Шымкент қаласы – 108,
Ақмола облысы – 18,
Ақтөбе облысы – 35,
Алматы облысы – 7,
Атырау облысы – 26,
Шығыс Қазақстан облысы – 92,
Жамбыл облысы – 54,
Батыс Қазақстан облысы – 34,
Қарағанды облысы – 81,
Қостанай облысы – 65,
Қызылорда облысы – 16,
Маңғыстау облысы – 29,
Павлодар облысы – 37,
Солтүстік Қазақстан облысы – 14,
Түркістан облысы – 46.
Төлем қабілеттігін тексерумен және автокредитті мақұлдаумен екінші деңгейлі банктер айналысады. Өтініш беру және кеңес алу үшін серіктес банктерге хабарласуға болады: "Еуразиялық банк" АҚ, Банк ЦентрКредит" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Forte Bank" АҚ.
Мамандардың айтуынша, 16 мамырда басталған жеңілдетілген автокредиттеу бағдарламасының бірінші кезеңіне 10 мыңға жуық қазақстандық қатыса алады.
Жалпы, револьверлік жүйемен жұмыс істейтін бағдарлама арқылы 30 жыл ішінде 70 мыңнан астам қазақстандыққа кредит беріледі.