Өңірлер

Қарағанды облысында құрылысшылар үйді цементсіз салып жатыр ма - тергеу басталды

Тұрғын үй "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша берілмек
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысының Жаңа-Арқа кентінде салынып жатқан үйдің құрылысшылары цемент қолданбай жатыр деген күдікке ілінді.
"Патриот" паблигінде видео жарияланған болатын. Тұрғын үй "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша берілмек.
"Мұндай үйлер қанша уақыт тұрады? Бюджет қаржысына салғырт қараудың дәлелі", - деп атап өтті жазба авторы.
Жаңаарқа ауданының әкімдігі "Патриотқа" әкімдік қызметкерлері таңертең әкіммен бірге оқиға орнына шыққанын хабарлады.
"Әкім құрылыс орнына мердігерлерді шақырды. Техникалық қадағалау мамандары да барады. Мұндай үйлерді әкімдік пен қабылдау комиссиясының мүшелері қабылдамайды", - деп хабарлады аудан әкімдігі.