НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады.
Сонымен қатар Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді, жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.