Экономика

Доллар бағамы тағы төмендеді

Шетелдік валюта шамамен 12 теңгеге арзандады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында кешкі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 415,15 теңгені құрады.
Осылайша ұлттық валюта 11,47 теңгеге нығайды. 30 мамырда доллар 426 теңге тұрған еді.
Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ, сол бұрынғы бағам – 442,8 теңге.
Рубль бағамы 6,8 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, елордадағы айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 425 теңгеге сатып алып, 428 теңгеден сатып жатыр.