Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы әскери операция: Северодонецкте қақтығыс күшейді

Sputnik
Украинаны Ресейге қарсы қою және бағыныстағы БАҚ арқылы Мәскеуді бүкіл әлемге агрессивті етіп көрсету РФ Қарулы күштерінің арнайы әскери операция жүршізудегі мақсатына қол жеткізуге кедергі боп отырған жоқ, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Донбасты азат ету, Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау Ресей Украинадағы арнайы әскери операциясының басты мақсаты болып отыр. Қазір Украина Қарулы күштерінің Северодонецктегі қоршауда қалуы Киев режимі мен НАТО-ның Ресеймен қақтығыстағы жеңілісінің жақындап қалғанына көзін жеткізді.
Донбастағы "шығыс майдан" қорғанышы бұзылды, Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері кері шегіне бастады. Северодонецк- Лисичанск агломерациясындағы украин әскерилері қоршауда тұр және жекелеген секторларға ыдыраған. УҚК бөлімшелері Северодонецктің тұрғын үй нысандарына алшақтатылды, ұйымдасып кері шегінуге жол жоқ. Украина Бас штабы қалада ресейлік әскери бөлімшелер белсенді іс-қимыл жүргізіп жатқанын растады. Мариупольдегі жағдайдан хабардар болған оң, жергілікті тұрғындар бұл қаладан мейлінше ертерек кетіп қалған.
Ресейлік әскери бөлімшелер 18 мамырда Лисичанск-Бахмут тас жолына жетіп, Северодонецктегі Украина Қарулы күштерінің тобын базалар мен резервтерден ажыратып тастады. Алайда Украина билігі сарбаздардың қоршауда қалғанын тек 12 күннен кейін ғана растады. Бұған дейін Киев режимінің Донбастағы өкілі Сергей Гайдай көп рет тойтарыс берілген шабуылдар мен жойылған танктер туралы хабар таратты.
"Донбаста алға қарай ілгерілеген соң, ресейлік әскер Попаснаядан оңтүстік-батысқ қарай орналасқан майда шебін реттеп жатыр. Сондықтан жаздың басында Лисичансктан елу километр қашықтықта орналасқан Бахмут пен Славянск-Краматорск агломерациясы жаңа қоршау аумағына айналуы мүмкін. Батыс журанлистері Донбастағы украин әскерилерінің жағдайы қиындай түскенін жарыса жазып жатыр", - дейді әскери шолушы.
Арнайы операцияның екінші кезеңінде ресейлік қолбасшылық "атыс толқыны" әдісіне көшеді. Бұл әдіс авиация мен пилотсыз басқарылатын оқ атуды реттеу жүйесінің қолдауымен өздігінен жүретін және сүйрет жүретін артиллерия арқылы орындалады. Ал Донбастағы украин әскерінің соғыс даласына шығудан бас тартуы жиілеп, кері шегініп немесе жаппай тұтқынға беріліп жатыр.
Украинада саясаткерлер президент Владимир Зеленскийден Северодонецкті "тойтарыс символы" ретінде сақтап қалуды талап етіп отыр. Ал әскерилер кері шегініп, Украина Қарулы күштерінің соғысу қабілетін сақтап қалу қажеттілігін алға тартуда.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстан мен Украина СІМ басшылары қазіргі геосаяси жағдайды талқылады
Хроленконың пікірінше, Северодонецк Ресейді тежеу және қарсылық көрсетудің негізгі нүктесі болып отыр. Сондықтан оның стратегиялық маңызы зор. Ресейдің Польша мен Румынияға дейін шекарасын жоспардан тыс "кеңейтуі" Вашингтон мен Брюссель үшін жол берілмеуі тиісті әрекет. Жалпы Батыс АҚШ пен Еуроодақтың антиресейлік санкциялары, НАТО-ның қару-жарақ жеткізуі Ресейдің арнайы операциясына тежеу болмайтынын түсініп отыр. Вашингтонның геосаяси қателігі америкалық мен еуропалықтар үшін бағаның қымбаттауы, орта таптың одан бетер кедейленуі, аштық, қыс мезгіліндегі энергия тапшылығы, босқындардың көбеюі түрінде ауыр салдарға ұласуы ықтимал.
Батыс Киев режиміне ауыр қару-жарақ жеткізуді уақытша тоқтатып тұр. Себебі НАТО Жарғысына сәйкес, ресейлік гипердыбысты "Кинжалдар" Польша мен Германияға соққы жасауы ықтимал. Көзді ашып-жұмғанша қыс келіп, Еуроодақ "Солтүстік ағын – 2" газ құбырын шұғыл қосуғам мәжбүр болады.
Ресей армиясының шабуылын тоқтату үшін қысқа мерзімде Киев режимін кем дегенде 400 ұшақ және 300 заманауи модификациялық танкпен қамтамасыз етуге бірде-бір ел технологиялық тұрғыдан қабілетті емес. Украина Қарулы күштерінің кадрлық қоры таусылды.
"Ресейдің зымыран соққылары Батыстан жеткізілген қару-жарақты үздіксіз жойып жатыр. Украинаның әскери инфрақұрылымы іс жүзінде толығымен дерлік талқандалды. Украина Қарулы күштерінің әзірше қиратылмаған әскери техникасына арналған дизель отыны мен бензинді Польша мен Румыниядан автокөліктермен тасымалдап жатыр", - деп жазды Хроленко.
Өткен тәулікте Донбасс аспанында ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері украиндердің пилотсыз ұшатын 15 аппаратын атып құлатты. Ал арнайы әскери операция басталған уақыттан бері Украина Қарулы күштеріне қарасты 183 ұшақ, 128 тікұшақ, 1064 пилотсыз ұшу аппараты, 325 зениттік-зымыран кешені, 3323 танк және басқа да броньдалған әскери техника, жаппай оқ атуға арналған 451 реактивті қондырғы, 1731 дала артиллериясына арналған қару мен миномет, сондай-ақ 3294 дана арнайы автотехника жойылды.
"Әйткенмен, бұл соғыс емес. Ресей арнайы операцияға Қарулы күштердің белгілі бір бөлігін ғана жұмылдырды. Әлдеқайда қуатты әрі жойқын техника НАТО елдерімен тікелей қақтығыста қолданылуы мүмкін", - деп жазды сарапшы.