Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

РФ Украина, ДХР, ЛХР-дегі жетім балалардың Ресей азаматтығын алу процесін жеңілдетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Путин Донецк Халық Республикасы, Луганск Халық Республикасы және Украинадағы жетім балаларға Ресей азаматтығын берудің оңайлатылған тәртібі туралы жарлыққа қол қойды. Сәйкес жарлық құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.
"Донецк Халық Республикасының, Луганск Халық Республикасының немесе Украинаның азаматтары болып табылатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әрекетке қабілетсіз адамдар 2002 жылғы 31 мамырдағы 62-ФЗ "Ресей Федерациясының азаматтығы туралы" Федералдық заңның 14-бабының сегізінші бөлігіне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Ресей Федерациясының азаматтығын алады деп белгіленсін", - деп жазылған жарлықта.
Сонымен қатар, құжатта көрсетілгендей, Ресей Федерациясының, Донецк Халық Республикасының, Луганск Халық Республикасының немесе Украинаның азаматы болып табылатын баланы асырап алушы, оның қамқоршысы немесе әрекетке қабілетсіз адамның қамқоршысы Ресей Федерациясының азаматтығын алу туралы өтініш бере алады. Бірақ, ата-анасының дәлелді себептермен өз баласына қатысты ата-ана міндеттерін орындай алмайтын мерзімге асырап алушы немесе қамқоршы тағайындау туралы бірлескен өтініші негізінде асырап алу немесе қамқоршылық белгілеу жағдайлары бұл қаулы қарауына жатпайды.