НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі бес күн ішінде Донбасс пен Украинаға 1 300 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізген.
"25 мамырдан бері Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің автомобиль Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасы және Украинаға 1,3 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізді. Жүктің құрамында ауыз су, азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші кезектегі қажетті заттар бар", - деп хабарлады РИА Новостиге ақпарат көзі.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің жасақтары инфрақұрылым мен аумақты миналардан тазарту жүргізіп, 155 гектардан астам аумақты тексерді және 27 мыңнан астам жарылғыш зат залалсыздандырды.