Экономика

Ресей мен Қазақстан бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады

Мишустин Ресей Қазақстанмен достық байланысты бағалайтынын жеткізді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Ресей Федерация арасында жаңа бірлескен стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Бұл туралы Қазақстанның премьер-министрімен кездесу барысында РФ премьер-министрі Михайл Мишустин айтты.
"Біз салалық бағытта импорт алмастыратын болашағы бар бағдарламалардың бар екенін көріп отырмыз. Өнеркәсіп, машинажасау, көлік, энергетика мен цифрлық экономика саласындағы стратегиялық жобалады бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік бар", - деді ол.
Мишустин Ресей Қазақстанмен достық байланысты бағалайтынын жеткізді.
Қазіргі күрделі кезеңде өте маңызды, деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, Қазақстанмен байланысты дамыту Ресейдің басым бағыттарының бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауарайналым 25 млрд долларды құраған. Биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша ол тағы 12,5 процентке өсіп, 5,8 млрд долларды құраған.
Ресей инвестициялық әріптестікті дамытуға мүдделі. РФ премьерінің айтуынша, оған шілдеде Екатеренбургте өтетін "Иннопром-2022" халықаралық көрмесі де ықпал етеді.
Биыл Қазақстан әріптес ел ретінде қатысады.