НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде Конституцияға енгізілетін түзетулер қабылданса, адамдардың меншігі шенеуніктер мен олигархтарға өтеді, деген хабарлама тарады.
АӘділет министрлігі референдумға жеке меншіктің күшін жоюды білдіретін Конституцияға бірде-бір түзету енгізілмегені туралы осы жылдың 18 мамырында мәлімдеді.м қорытындысы бойынша Конституцияға түзетулер қабылданған жағдайда, адамдардың меншігі шенеуніктер мен олигархтарға өтеді, сондай-ақ Қазақстандағы жағдай нашарлай түседі. Бұл жалған", - деп хабарлады stopfake.kz.
Ақпарат көзінің мәліметінше, әділет министрлігі референдумға жеке меншіктің күшін жоюды білдіретін Конституцияға бірде-бір түзету енгізілмегені туралы осы жылдың 18 мамырында мәлімдеді.
"Конституцияның 6-бабының 3-тармағына ұсынылып отырған түзету жеке меншіктегі жерге, малға және жеке өзі өсірілген екпелерге қатысты қолданылмайды. Түзетуге сәйкес жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екенін белгілеу ұсынылады, қазіргі уақытта Конституцияда олардың мемлекеттік меншікте екені белгіленген. Бұл ретте мемлекет халық атынан меншік құқығын жүзеге асыратынын нақтылау ұсынылып отыр. Демек, мемлекет меншік құқығын тек халыққа тиесілі және жеке меншік объектілері болып табылмайтын жерге, оның жер қойнауына, суларына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне және басқа да табиғи ресурстарға қатысты жүзеге асыратын болады. Жерге жеке меншік құқығына кепілдік беретін Конституция нормасы өзгеріссіз қалатынын атап өткен жөн (Конституцияның 6 – бабы 3-тармағының екінші бөлігі)", – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.