Қазақстан саяхат пен туризмді дамытудың әлемдік рейтингісінде көтерілді

Қазір республика әлемнің 117 елінің ішінде 66-шы орында, екі жыл бұрын Қазақстан 80-ші болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр — Sputnik. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат пен туризмді дамытудың жаһандық индексіндегі орнын жақсартты.
Осы рейтингті бастайтын үздік 5 елдің қатарына Жапония, АҚШ, Испания, Франция, Германия сияқты елдер кіреді. Қазақстаннан жоғары Грузия (44 орын), Армения (61 орын) және Әзербайжан (63 орын) тұр. Қазақстаннан кейін рейтингте Черногория (67 орын), Марокко (71 орын), Моңғолия (84 орын), Қырғызстан (90 орын) сияқты елдер бар. Өзбекстан мен Беларусь дәстүрлі түрде рейтингке қатыспайды.
Рейтингтегі ең үлкен оң динамиканы Вьетнам, Индонезия, Сауд Арабиясы, Малайзия, Үндістан және Моңғолия көрсетті.
Жаңартылған рейтингте 23 ел ескерілмеген: Алжир, Бруней, Буркина-Фасо, Бурунди, Конго Демократиялық Республикасы, Гаити, Гамбия, Гвинея, Зимбабве, Иран, Либерия, Мавритания, Мозамбик, Норвегия, Оман, Ресей, Сейшел аралдары, Тайвань, Уганда, Украина, Эфиопия, Эсватини және Ямайка.
Жалпы есеп бес субиндекстен, 17 негізгі көрсеткіштен және түрлі негізгі көрсеткіштер бойынша бөлінген 112 жеке көрсеткіштен тұрады.
Қазақстанда туризмді дамыту үшін жоғары потенциал мынадай көрсеткіштерде бар:
туризм саласындағы еңбек нарығының субиндексі бойынша 59-шы орында;
мәдени ресурстар көрсеткіші бойынша-63 орын;
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұра нысандар саны бойынша-42-ші орын.
халықаралық келу маусымдылығы бойынша (26 орын)
шетелдік туристердің болу ұзақтығы бойынша (52 орын)
мәдени көрікті жерлерге қызығушылық бойынша (37 орын).