НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Ертіс ауданында жеті адамның өліміне әкелген белгісіз сұйықтықтың қалдықтары бойынша сараптама тағайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"Полиция жағдайды анықтау барысында 26 мамырда Ертіс ауылының тұрғындары белгісіз сұйықтықты тұтынып, салдарынан жеті адамның қайтыс болғанын анықтады. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сұйықтықтың шыққан жері белгісіз, Ертіс ауданының тұрғынынан алынған ыдыста сақталғаны анықталды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 306-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, қызметтерді орындау қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Естеріңізге сала кетейік, жетінші адам - 48 жастағы тұрғын кеше Павлодар қаласының №3 ауруханасының реанимациясында қайтыс болды. 1980 жылы туған ер адам Ертіс аудандық ауруханасында өкпені жасанды желдету аппаратында көз жұмды. 27 мамыр күні сағат 22.17-де Ертіс ауылында үй иесі - 1955 жылғы ер адам мен 1990 жылы туған ұлының денелері табылды. 28 мамыр күні сағат 07.15-те аудандық ауруханада 1975 жылғы және сағат 18.00 шамасында 1969 жылғы ауыл тұрғындарының, сағат 07.24-те үйден 1957 жылғы зейнеткердің денелері анықталды.