Өскемен, 30 мамыр - Sputnik. Өскеменде көп пәтерлі тұрғын үйде тұрмыстық газ жарылып, 13 адам эвакуацияланды.
Оқиға бүгін, 30 мамырда, Славский жағалауы көшесіндегі бесінші үйдің 1- қабатындағы пәтерде болған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, пәтерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.
"1989 жылы туған ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жарылыс салдарынан бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейінгі пәтерлердің терезесі сынған. Жарылыс болған және іргелес пәтерлердің бөлмеаралық қабырғалар, бірінші қабаттағы кіреберіс есік зақымданды", - делінген хабарламада.
Жарыс болған үйдің 4 подъезінен 17 адам өз бетінше шығып, 2 адам эвакуацияланды. 3 подъезден 11 адам эвакуацияланды.
Оқиға болған жерде төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері жұмыс істеп жатыр және жеті техника жұмылдырылды.