Қоғам

Бұрынғы қорғаныс министрін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға – 20 маусымға дейін ұзартты.
Айта кетері, оған қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ешқандай әрекет жасамады деген айып тағылған болатын.
Еске салсақ, қаңтар айының ортасында президент Мұрат Бектановты қорғаныс министрі лауазымынан босатты. Мемлекет басшысы экс-министр қаңтар оқиғасы кезінде командирлік қабілетін көрсете алмағанын айтты.
Бір айдан соң, 20 ақпанда Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бас прокуратура оған қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы "Биліктің әрекетсіздігі" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.