Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен қару тәркіленді

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілінен тапанша мен ел аумағында тыйым салынған кітаптар тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында 29 жастағы деструктивті діни ағым өкілін анықтап, тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізу кезінде 9 мм МР-79 калибрлі травматикалық тапаншасы, 14 патрон, Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған мағлұматтар бар бес флеш карта мен 17 діни кітап тәркіленді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.