НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Павлодар облысының Ертіс ауданында жеті адам белгісіз заттан улланып, алтауы көз жұмды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ведомство мәліметінше, белгісіз затпен улану фактісі бойынша жеті өтініш тіркелген.
Ведомство мәліметінше, белгісіз затпен улану фактісі бойынша жеті өтініш тіркелген.
Уланғандардың үшеуі үйде қайтыс болды. Төртеуі Ертіс аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінген, ол жерде тағы бірі қайтыс болды.
"27 мамыр күні сағат 22.17-де Ертіс ауылында үйден 1955 жылғы ер адам мен 1990 жылы туған ұлының денелері табылды. Сондай-ақ 28 мамыр күні сағат 07.15-те аудандық ауруханада 1975 жылғы және сағат 18.00 шамасында 1969 жылғы ауыл тұрғындарының денелері анықталды. Сағат 07.24-те үйден 1957 жылғы зейнеткердің мәйіті табылды", - делінген хабарламада.
Ауруханада жатқан үш адамның тағы екеуі көз жұмды. Қазір бір науқас ауыр халде қалалық үшінші ауруханада жатыр. Дәрігерлердің ем-домына қарамастан оның жағдайы ауырлап барады.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көз жұмған адамдардың денелерінде сыртқы зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
Қайтыс болғандардың барлығы Ертіс ауылында белгісіз сұйықтықты ішкені анықталды.