Экс-министр Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы оның қамауға алынғанын жоққа шығарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастаған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Таңертең телеграм-арналарда түнде елорданың тергеу соты бұрынғы мәдениет және спорт министрін 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарғаны жөнінде ақпарат тарады.
"Қазір Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханадан шығып, үйінде ем қабылдап жатыр", - дейді экс-министрдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықпай.
Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастаған болатын.