Оқиға

Алматыда жол апатынан екі жүкті әйел мен бала зардап шекті

КамАЗ Toyota Camry 70, қызыл мен ақ түсті екі Hyundai Elantra көліктеріне соғылған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Алматыда жүк көлігі бірінен кейін бірі бірнеше көлікпен соқтығысты.
КамАЗ көлігі Toyota Camry 70, қызыл мен ақ түсті екі Hyundai Elantra-ға соғылған.
Рысқұлов даңғылындағы жол апаты
Куәгерлер КамАЗ жүргізушісі оқиға орнынан тайып тұрмақ болғанын, алайда басқа жүргізушілер оны тежегенін айтты.
Рысқұлов даңғылындағы жол апаты
Сол кезде жүк көлігінен 3-4 адам сыртқа шығып, жан-жаққа қаша жөнелген. Полиция келгенге дейін олардың бірі қолға түсті.
Рысқұлов даңғылындағы жол апаты
Жол апатынан екі жүкті әйел мен бала зардап шеккені белгілі болды.