НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пауэрлифтингтен әлем чемпионатына қатысып, іс-шара қонақтарын өзінің физикалық қабілетімен таңғалдырды.
Дәурен Абаев жатып көтеру әдісімен салмағы 100 килограмм болатын штангіні көтерді. Осы сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Министрдің зілтемір көтерген сәті түскен видеоны пауэрлифтинг бойынша жаттықтырушылардың бірі жариялады. Спорт шарасына жиналғандардың Абаевтың физикалық қабілетіне таң-тамаша болғаны байқалады.
Абаев спорт және фитнеспен айналысатынын бұқара алдында бұған дейін де дәлелдеген болатын. Мамырдың басында Sputnik Қазақстан Абаевтың турникке тартылған сәтінің видеосын жариялады.