НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Беделді The Ring журналы барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Орташа салмақта WBA Super, IBF және IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастап тұр. Ал WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарло екінші орында, WBO чемпионы Деметриус Андраде үшінші орында тұр.
Бұған дейін алтыншы орында тұрған Қазақстанның тағы бір спортшысы Жәнібек Әлімханұлы бір саты жоғары көтеріліп, бесінші орынға жайғасты.
Еске салсақ, өткен аптада Әлімханұлы британ боксшысы Дэнни Дигнумды нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.
The Ring нұсқасы бойынша орташа салмақтағы үздік 10 боксшының рейтингі мынандай:
1. Геннадий Головкин (Қазақстан)
2. Джермалл Чарло (АҚШ)
3. Деметриус Андраде (АҚШ)
4. Хайме Мунгия (Мексика)
5. Жанибек Алимханулы (Қазақстан)
6. Крис Юбэнк-младший (Ұлыбритания)
7. Риота Мурата (Жапония)
8. Карлос Адамес (Дрминикан Республикасы)
9. Сергей Деревянченко (Украина)
10. Феликс Кэш (Ұлыбритания).