Павлодар облысында 10 тонна өсімдік майы тиелген тіркеме өртеніп кетті

Жүкті Ресейден Қырғызстанға транзитпен әкеле жатқан
Sputnik
ПАВЛОДАР, 28 мамыр – Sputnik. Павлодар – Успенка – РФ республикалық тасжолында өсімдік майы тиелген ершікті автомобиль-тартқыштың тіркемесі өртеніп кетті, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Успенка аудан орталығының маңында өрт шыққаны туралы хабарлама сенбі, 28 мамыр күні сағат 12.06-да түскен. Ашық алаңда 2004 жылы шығарылған KRONE ZZF18 ершікті тартқыштың тіркемесі толығымен жанып кеткен. Ол пластик ыдыстарға құйылған 10 тонна өсімдік майын әкеле жатқан.
Жүк Новосібірден Қазақстан шекарасы арқылы Бішкекке транзитпен жөнелтілген.
Өрт сағат 13.50-де сөндірілді.
Сонымен қатар екі аумақта: 500 шаршы метр және төрт гектар аумақта құрғақ шөп өртенді.
Өрт сағат 14:40-та сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Себебі мен залал көлемі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге екі арнайы машинамен келген алты өрт сөндіруші жұмылдырылды.