НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Херсон облысының Киев бақылауындағы Украина аймақтарымен шекарасы қауіпсіздік мақсатында жабылды, деп хабарлады облыстың әскери-азаматтық әкімшілігі басшысының орынбасары Кирилл Стремоусов.
"Қазір шекара қауіпсіздік мақсатында жабылды. Жүйелі түрде оқ атылып жатқанын ескерсек, Николаев және Днепропетровск облыстары жағынан шекараны кесіп өту өте қауіпті. Соңғы атыстан кейін буферлік аймақта қалып қойған бейбіт тұрғындар қаза тапты. Сондықтан Украинаға мүлде аяқ баспауға кеңес береміз", - деді Стремоусов РИА Новости агенттігіне.
Оның айтуынша, қазір облыстан Қырымға, сондай-ақ Запорожье облысының Ресей әскерінің бақылауындағы бөлігіне, ол жақтан Донецк Халық Республикасына аттануға болады.