Түлкібас ауданының әкіміне пара алды деген айып тағылды

Ол төрт миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Антикор.

"Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары ұсталды. Оған қатысты мемлекеттік сатып алуда артықшылық беру үшін құрылыс компаниясы директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.