Қоғам

Шымкент тұрғыны көшенің ортасында әйелін ұрды – видео

Ол видеоға түсіріп тұрған әйелдің қолынан телефонын жұлып алуға әрекеттенді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде көшенің ортасында әйеліне қол жұмсаған ер адамның видосы тарады. Оқиға Шымкент қаласында болған.
Куәгерлердің сөзінше ер адам әйелін жол бойы ұрып келе жатқан. Осылайша тұрғындар жанжалдасқан жұбайларды арашаламақ болады.
Алайда ашуға булыққан ер адам ессіз әрекетін тоқтатпады. Ол видеоға түсіріп тұрған әйелдің қолынан телефонын жұлып алуға әрекеттенді.
Онысынан түк шықпаған соң әрі қарай әйелін жұлқылап, итеріп жерге құлатып жібереді.
Полицейлер ерлі-зайыптыларды тапты. Алайда күйеуінен таяқ жеген әйел арыз жазудан бас тартқан. Құқық қорғау органы қызметкерлері бұл жағдайда тағы да қайталанса, ер адам қамауға алынатынын ескертті