Қоғам

Шетелдіктер неліктен ЖСН-ді қашықтан ала алмай отыр

ІІМ құрастырушылармен бірлесіп электрондық үкімет сайтында техникалық жұмыстар жүргізеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ eGov.kz. порталында жеке сәйкестендіру нөмірін алу бойынша қызметтің қолжетімсіз болу себебі атады.
"Қазіргі уақытта ішкі істер министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметтер комитетімен және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр", - деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" баспасөз қызметі.
Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (Қазақстанның резиденті) eGov.kz. электрондық үкімет порталынан ЖСН ала алмай отыр.
ЖСН алу үшін мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге кеңес береді.
Еске сала кетсек, 26 мамырда қашықтан ЖСН алу қызметі шетелдіктер үшін қолжетімсіз деген ақпарат пайда болды.
Сайтта "қызметті жаңартудың жоспарланған мерзімі – 2022 жылдың 1 қазаны" деп жазылған. Кейінірек бұл техникалық қате екені айтылды.