АЛМАТЫ, 27 мамыр - Sputnik. Қазақстандық сарапшылар жыл басынан бері жасалған қылмыстар туралы ақпарат жариялады.
Оларға сәйкес, 2022 жылдың алғашқы төрт айында жасалған 20 мың қылмыстың 16 мыңы тұрақты жұмыс орны жоқ адамдарға тиесілі. Қаңтар-сәуір айларында елімізде 20 мың адам қылмыстық құқықбұзушылық жасаған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,9% - ға аз, деп хабарлайды finprom.kz.
"Оның ішінде 3,8 мың адам қылмыстық теріс қылық жасаса, 7,2 мың адам — ауырлығы орташа қылмыс, 5,4 мың адам — ауыр қылмыс, 3,1 мың адам — онша ауыр емес қылмыс, 459 адам — аса ауыр қылмыс жасаған", - делінген жарияланған зерттеуде.
Анықталған қылмыскерлер саны бойынша:
1.
Алматы облысы - 2,4 мың адам2.
Алматы - 2,3 мың адам3.
Нұр-Сұлтан - 1,7 мың адам.Қылмыскерлердің ең азы Қызылорда облысында - 436 адам.
Қылмысқа көбінесе ер адамдар барады - 17,5 мың адам. Әйелдер небәрі 2,5 мың адам. 454 қылмыскер - кәмелетке толмағандар", - делінген зерттеуде.
Сондай-ақ, құжатта қылмыс жасаған кезде 79,2% немесе 15,8 мың құқықбұзушы жұмыссыз болғаны айтылған. 381 адам - мемлекеттік қызметкер, 339 — оқушы, 261 - жеке кәсіпкер болды.