НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Петропавлда 19 жастағы жігітті КамАЗ көлігі қағып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Жол апаты таңертең Астана-Интернациональная көшесінің қиылысында болған. Көлік жолдан өтіп бара жатқан жас жігітті қағып кеткен.
Зардап шегуші көптеген жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді.
Қазір аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.