Экономика

Президент ресейлік кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау туралы тапсырма берді

Қазір Қазақстанда "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында 200-ден астам ресейлік бизнесмендер орналасты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы базасында орналасқан ресейлік кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау туралы тапсырма берді.
"Қазақстанда "Астана" халықаралық қаржы орталығы сәтті жұмыс істеп жатыр. Бұл орталық ағылшын құқығын басшылыққа алады. "Астана" халықаралық қаржы орталығына ресейлік және өзге де компаниялар тарапынан қызығушылық басым", - деді ол Бішкекте өтіп жатқан форум барысында.
Оның айтуынша, қазір Қазақстанда "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында 200-ден астам ресейлік бизнесмендер орналасты.
"Мен тиісті ведомство өкілдеріне ресейлік кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдай жасау туралы тапсырма бердім. Оларға миграциялық режим және өзге де мәселелер бойынша тиісті көмек көрсетіледі", - деді ол.