Шымкентте лифтіде әйелді зорламақ болған жігіт ұсталды

Жедел топ өкілдері күдіктіні Шиелі стансасында пойызда ұстады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Шымкенттік полицейлер лифтіде балалы әйелге тап берген күдіктіні ұстады.
Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол мегаполисте тұратын жас жігіт болып шықты. Жедел топ өкілдері оны Шиелі стансасында пойызда ұстады, деп хабарлады Otyrar.kz порталы.
Ол түнде Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Әйел өз шағымында үйдің лифтінде белгісіз адам оны зорлауға тырысқанын айтты.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 24-120-бабы "Зорлауға оқталу" бойынша тіркеді.