Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мариупольден келген босқындар үйлеріне қайтып жатыр

Босқындарға арналған пансионаттарда 70 адамға дейін орын қарасстырылған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Херсон облысының Геническ ауданындағы пансионаттарда орналасқан мариупольдық босқындар соғыс қимылдары тоқтағаннан кейін үйлеріне қайтып жатыр.
Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Геническ әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Андрей Клочко айтты. Ол пансионатта қалған адамдарға жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанын да айтты.
"Мариупольдегі әскери іс-қимыл болған кезде босқындар легі бізді де айналып өтпеді. Бастапқыда адам саны өте көп болды. Соғыс аяқталған соң босқындардың кейбірі қайта оралды. Біз адамдарды орналастыру үшін пансионаттар қарастырдық. Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен оларды гуманитарлық жинақпен қамтамасыз еттік", - деді Клочко.
Әкімшілік басшысы босқындарға тегін тұру орны қала қаражаты есебінен қарастырылғанын, олардың қалыпты тіршілігі үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.