НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Херсон облысының әскери-азаматтық әкімшілігі басшысының орынбасары Кирилл Стремоусов облыста Ресей азаматтығын алғысы келетіндер 80 процентті құрайтынын айтты, деп жазды РИА Новости.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Украинаның Запорожье мен Херсонск облыстары тұрғындары үшін Ресей азаматтығын алуды жеңілдету туралы жарлыққа қол қойған болатын.
"Бұл құжатты көбі пайдаланады деп ойлаймын. Егер бүгін 100 процентінің Ресей азаматтығын алуға мүмкіндігі болса бұл көрсеткіш 80 процентті құрайтын еді", -деді Стремоусов.