Өткен екі жылда коронавирус пандемиясына байланысты форум өтпеді. Сондықтан биыл қатысуға ниет білдірушілер саны айтарлықтай өсті.
Форум аясында 35-ке жуық іс-шара өтеді. Оған 15 елден 2,5 мыңнан астам адам қатысады. Сондай-ақ, Латын Америкасы мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан делегациялар келеді деп жоспарланып отыр.
Форум бағдарламасына Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс, алты панельдік пікірталас және 20 тақырыптық сессия кіреді.
Сессия қатысушылары жаһандық өзгерістер дәуіріндегі еуразиялық интеграцияның стратегиялық даму перспективаларын, қаржылық даму және макроэкономикалық тұрақтылық, энергетикалық және көлік салаларындағы қызметті жандандыру, цифрландыру мәселелерін, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің өнеркәсібіндегі жағдайды талқылайды.
ЕАЭО елдері ынтымақтастығының түрлі саласында 10 меморандумға қол қою жоспарлануда.