Видео

Елордада күй жәрмеңкесі өтті – видео

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет Дина Нұрпейісова ескерткішінің жанында күй жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Sputnik
Іс-шараға оқушылар, студенттер, қоғам және өнер қайраткерлері қатысты. Жиында 100-ге жуық адам Дина Нұрпейісова мен өзге де танымал композиторлардың туындыларын орындап, бар өнерін ортаға салды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Халықтың қошеметіне бөленіп, күйді шебер тартқандарға арнайы сый-сияпат берілді. Ал үздік өнерпазға үкілі домбыра мен "Дина Нұрпейісованың 25 күйі жазылған жинақ" табысталды.
Шара барысында қоғам және өнер қайраткерлері Дина Нұрпейісованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, маңайына 15 шырша ағашын отырғызды.
Айта кетері, Дина Нұрпейісованың ескерткіші былтыр шілдеде Ұлттық домбыра күні қарсаңында ашылған болатын.