НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстандық қор биржасының сауда нәтижесі бойынша доллар бағамы біраз өсті.
Күндізгі сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 422,01 теңгені құрап, 7,22 теңгеге өсті.
Ұлттық банктің 26 мамырдағы ресми доллар бағамы 415,12 теңге болатын.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының айырбастау пункттерінде долларды сатып алу құны 423,75 теңгеге, сату 428,69 теңге.
Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу бағасы 423,34 теңге, сату құны 426,23 теңге.