НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Осы жылдың қаңтар айынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы 15,6 процентке өскен. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 0,1%-ке, мамыр айының басынан бері 0,7%-ке қымбаттаған. Ал жыл басынан бері баға 15,6%-ке өскен.
Жылдық мәнде азық-түлік тауарлары 20%-ке қымбаттады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,2 пайыздық тармаққа жоғары.
Бір апта ішінде бағасы өскен көкөніс:
пияз – 1,5%
картоп – 1,2%.
Арзандаған тауарлар:
жұмыртқа, І санат – 1,9%
қырыққабат – 1,8%.
Айта кетері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне 19 түрлі тауар кіреді.