Алматыда жүргізуші жүк көлігінің астына кіріп кетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тасжолының қиылысында жол апаты болды.
Алматы полициясы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың хабарлауынша, Toyota Caldina көлігінің 40 жастағы жүргізушісі рөлде ұйықтап қалып, жеңіл көлік фураның астына кіріп кеткен.
"40 жастағы ер адам басын рөлге соққан сәтте көлік төбесі кесіліп кеткен", - деп хабарлады полицейлер.
Ол жеңіл жарақат алып, көліктен өз бетімен шыққан.