Тоқаев Binance компаниясының бас директорын қабылдады

Қазақстанда криптоиндустрияның өңірлік хабын құру мәселесі талқыланды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында еліміздің салалық құрылымдары мен Binance компаниясының арасында цифрлық қаржы саласындағы, блокчейн технологиясы бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастықтың ұзақмерзімді перспективалары, сондай-ақ Қазақстанда криптоиндустрияның өңірлік хабын құру мәселесі талқыланды.
Кездесу соңында президенттің қатысуымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.