Спорт

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты

Батырбек Есдәулетов осыған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды, деп хабарлады Olympic.kz.
Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Батырбек Есдәулетов келді. Сондай-ақ Серік Палмағамбетов мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне кірісті.
Айта кетері, Батырбек Есдәулетов осыған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында Қазақстан чемпионы және Қазақстан Кубогы иегері, Жазғы спартакиада жеңімпазы, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнирдің жүлдегері болды.
Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды