Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украинаның екі облысының тұрғындарына азаматтық беруді жеңілдетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Запорожье және Херсон облыстарының тұрғындарын РФ азаматтығына оңайлатылған тәртіппен қабылдау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады РИА Новости.
Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ресейлік әскерилер Украинаның Херсон облысы мен Запорожье облысының бір бөлігін бақылауға алған. Екі облыста да әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастаған.
Сейсенбі күні Ресей қарулы күштері ұшақ қозғалтқышын өндіретін "Мотор Сич" зауытын бомбалағаны хабарланды.
Коронавирус пен Украинадағы жағдай экономиканың бөлшектенуіне түрткі болды – Тоқаев