Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейге бір күнде 19 мыңға жуық босқын келген

Әскери қақтығыскүшейе бастағаннан бері Ресей шекарасынан 1,5 миллионға жуық адам өткен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Өткен тәулікте ДХР, ЛХР және Украинадан 19 мыңға жуық босқын Ресей шекарасын кесіп өтті.
"Тәулік ішінде Ресей шекарасынан 18,74 мың босқын өтті, оның 2,14 мыңы балалар", - деп хабарлады РИА Новостиге шұғыл қызметтердің өкілі.
Ол әскери қақтығыс басталғалы бері Ресейге 1 миллион 463 мың 502 босқын, оның ішінде Ростов облысына 1 миллион 171 мың 887 адам келгенін айтты.
Ақпан айының ортасында жағдай шиеленіскеннен кейін Донбастан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау басталды. Кейіннен Ресей ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындап, 24 ақпанда Украинада арнайы әскери операция бастады.