НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Қазақстандықтар шетелге оқуға сирек кететін болды, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
"Шетелге кететін балалар саны айтарлықтай азайды. Біз мұны бірқатар өңір бойынша көріп отырмыз. Бізде әсіресе Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Павлодар көшбасшы болды. Қазір біз шетелге оқуға кететін балалардың саны бірнеше есе азайып бара жатқанын көріп отырмыз", - деді Аймағамбетов журналистерге Нұр-Сұлтандағы №75 мектеп-лицейінде.
Білім министрлігінің басшысы мұндай үрдісті елде білім беру сапасының өсуімен байланыстырады.
"Бүгінде Қазақстанның білімі бәсекеге қабілетті жоғары білім. Жоғары оқу орындары өте мықты және олар іс жүзінде әлемдік стандарттар деңгейінде білім бере алады. Қазақстандық 16 жоғары оқу орны әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингіне енді", - деді Асхат Аймағамбетов.
Ол Қазақстан - жоғары оқу орны әлемнің 200 үздік жоғары оқу орындарының тізіміне кіретін ТМД-дағы екі елдің бірі екенін атап өтті. Мұндай екінші ел - Ресей.
Еске сала кетсек, биыл гранттардың 60%-і техникалық мамандықтарға бөлінеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осы саланы дамытуды тапсырды. Сондықтан министрлік мамандарды даярлау басымдығын өзгертеді.