Білім

Қазақстанда студенттерге арналған гранттың жаңа түрі пайда болады

Қайырымдылық бағдарламасы жаңа оқу жылының басында жүзеге асырыла бастайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры студенттер үшін білім беру гранттары түрінде қайырымдылық көмек көрсету бағдарламасын әзірлейді.
Сейсенбіде қор төрағасы Болат Жәмішевтің білім және ғылым министрлігі өкілдерімен және ЖОО ректорларымен онлайн-кездесуі өтті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Ол студенттерге грант түрінде қайырымдылық көмек көрсету бағдарламасын таныстырды. Мұндай гранттарды іріктеу критерийлері, бөлу тетіктері мен әдістері білім министрлігімен бірлесіп жоғары оқу орындарының белсенді қатысуымен пысықталады.
Бағдарламаны 1 қыркүйекке дейін іске қосу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, қор қазақстандықтардан университеттерде оқу ақысын төлеу туралы көптеген өтініш түсетінін хабарлады.
Еске сала кетсек, "Қазақстан халқына" қоры президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған. Қайырымдылыққа қаражатты ірі бизнес нысандары бөледі.
Қоғам
Грантқа ілікпей қалды: ақылы бөлімде оқу үшін білім кредитін қалай алуға болады