Қауіпсіздік кеңесіндегі қорғаныс бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Русланбек Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінде 20 жылдан бері жұмыс істейді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Бұған дейін бұл қызметті Қайыргелді Есенеев атқарды.

Русланбек Бекжігітовтың өмірбаяны

Бекжігітов Русланбек Кеңесбекұлы 1971 жылы 13 қаңтарда дүниеге келген.
Қазақ және орыстілдерін меңгерген.
Білімі:
Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп (1989);
А.Ф. Можайский атындағы Әскери инженерлік-ғарыш академиясы (1994);
Құқықтану академиясы – "Әділет" жоғары құқық мектебі (2002).
Қызметі:
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі әскери-әуе күштерінің әскери бөлімдерінде және орталық аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет етті (1994-1999);
Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінде қорғаныс және құқық тәртібі мәселелеріне жетекшілік ететін жауапты қызметкер (1999-2002);
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының қызметкері (2002-06.2015);
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің басшысы (06.2015 - 03.2021).