Өңірлер

Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

Әкімдіктің хабарлауынша, оның бұдан әрі қызмет атқаруы сот шешіміне байланысты болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ақпанда екі айға қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жұмысқа шықты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның өз қызметіне 24 мамырда кіріскені туралы хабарланды.
"Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 17 сәуірдегі, 24 сәуірдегі, 17 мамырдағы заңдық күшіне енген қаулысына сәйкес, Ғалымжан Низяов қызметіне 24 мамырда кіріседі", - делінген хабарламада.
Әкімдіктің хабарлауынша, оның бұдан әрі қызмет атқаруы сот шешіміне байланысты болады.
Ниязовтың 4 ақпанда қамауға алынғаны туралы хабарланған болатын.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.