Оқиға

Екібастұзда кішкентай бала 4-қабаттан құлап кетті

Балаға ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр
Sputnik
ПАВЛОДАР, 25 мамыр - Sputnik. Екібастұзда төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға сейсенбі сағат 13.45-те Абай көшесіндегі үйде болған. 2017 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді.

"Баланың жағдайы тұрақты ауыр, операциядан кейінгі кезең қалыпты өтіп жатыр. Дәрігерлер баланың көкбауырын алып тастады. Кішкентай пациент есін біледі. Ем реанимация жағдайында жалғасып жатыр", - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Павлодарда бір жасар қыз тоғызыншы қабат терезесінен құлап, дүкеннің күнқағарына түскен болатын. Алайда кейін ауруханада көз жұмды.
"Жұрт ойлағандай емес": терезеден құлап кете жаздаған қыздың анасы шындығын айтты