НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 415,12 теңге болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бір тәулікте шетелдік валюта шамамен екі теңгеге арзандады.
24 мамырда доллар күрт арзандап, 416,91 теңгеге дейін түскен еді.
Қазір айырбастау пунктерінде долларды 414-415 теңгеге сатып алып, 417-419 теңгеден сатып жатыр.
Ал ресейлік рубль биржада 7,4 теңгеге дейін нығайды.