Денсаулық

Ақмола облысының дәрігерлері салмағы жарты келіден сәл асатын сәбиді аман алып қалды

Үш ай дәрігерлер күтімінде болған нәресте екі келіден артық салмақ қосқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында салмағы 570 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды.
"Сәби 17 ақпанда салмағы 570 грамм болып дүниеге келген. 4 сәуірде Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталықтың жаңа туған нәрестелердің патология бөлімшесіне ауыстырылды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
88 күн дәрігерлердің бақылауында болған сәби осы уақытта 2200 грамм салмақ қосты. 16 мамырда ол үйіне шығарылған.