Ақмола облысында ер адам КамАЗ салонынан құлап қаза тапты

Қайғылы оқиға кезінде ауыр жүк көлігінің рөлінде 25 жастағы жергілікті тұрғын отырған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында ер адам жүріп келе жатқан КамАЗ жүк көлігінің салонынан құлап, қаза тапты. Полицейлер тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 19 мамырда кешке болған. Сандықтау полиция бөліміне жергілікті тұрғынның қаза болғаны туралы хабарлаған.
Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы 48 жастағы ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметкері Мәдениет ауылынан екі шақырым қашықтықта жүріп келе жатқан КамАЗ жүк көлігінің жолаушылар орындығында белгісіз жағдайда салоннан құлап, көліктің артқы дөңгелегінің астына түскенін анықтады.
Алған жарақаттардан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Қайғылы оқиға кезінде ауыр жүк көлігінің рөлінде 25 жастағы жергілікті тұрғын отырған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа механикалық көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.