Өңірлер

Алакөл түбінен бір центнер темір мен тор шығарылды

Сүңгуірлер Алакөлдің бүкіл жағалауын бойлай көл түбіне тазалау жүргізіп жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Жазғы маусым басталар қарсаңында құтқарушылар Алакөл көлінің түбін тазалауды бастады.
Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінде хабарлағандай, сүңгуірлер ұзындығы 4,1 шақырым болатын қашықтықтағы жағалауды бойлай тазалау жұмыстарын бастады. Бұл аумақ 207 демалыс базасын, сондай-ақ балалар лагерінің жағажайын қамтып отыр.
Тазалау жұмыстарына үш күн қажет болады
Бірінші күні 90 келі темір, балық аулауға арналған 2 тор, 10 шыны бөтелке алынды. Сүңгуірлер шолып өткен қашықтық 1,5 километрді құрады.
Тазалау жұмыстарына үш күн қажет болады. Құтқарушылар көл түбіне сүңгуі барысында металл сым, арматура, теңіз қоқысы сында шомылатын адамдар үшін қауіп төндіретін заттар тауып жатыр.